1

Кіру

Мұғалімдер күні

 

Құрметті Ұстаздар! 

Сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

 

Ұстаздық

Қандай дауыл өтсе де шайқалмаған,

Онсыз білім егіні жайқалмаған.

Ұстаздық адамдықтың диқаны ғой,

Жемісі күні бұрын байқалмаған.

Пенделіктің кедірін тегістеген,

Ұрысса да, кек сақтап керіспеген.

Ұстаздық шыдамдықтың шегі жоқ қой,

Қиындыққа тәрбиеде беріспеген.

Ашкөздік дүниеге танытпаған,

Қанағат тірлігінен айнытпаған.

Ұстаздық надандықтың қас  жауы ғой,

Бойына сараңдықты дарытпаған.

Білінбей қызметінен күндері өткен,

Ертерек қара шаштар ақ боп кеткен.

Ұстаздық мамандықтықтың төресі ғой,

Әрдайым шәкіртінен үміт күткен!

 

Қызылтаң  орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алимбаев Ербол Ермекович.

 

                                                             Ұлағатты ұстаз 

      Ұлағатты ұстаз... Осы сөз Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып 33жыл қызмет етіп келе жатқан Арынгазинова Кулән Сапашқызына сай келеді деп ойлаймын. Ол талай-талай оқушыларға «Әліппені »ұстатуда, әріп танытып ,халық педагогикасымен тәрбиелеуде, адамгершілікке баулуда.Әрбір шәкіртінің жанұясымен тығыз байланыста болып, шәкірті үшін барлық жағдайды жасай біледі.  Күлән Сапашқызы 1982 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бір жерде, яғни Қызылтаң ЖББОМ қызмет атқарып келе жатыр. Білім беру саласындағы  еңбегі үшін облыстық білім беру бөлімінен, АББ-нің 2012, 2014жылы Алғыс хатымен марапатталған, жоғары санатты мұғалім. Мектепте 10жылдай оқу ісінің меңгерушісі қызметін және мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісі болып жұмыстар атқарған. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық жеңімпаздар иегерлері.  Жаман Құндыз, Зәрер Амир 2013, 2014 жылдары республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының ІІІ орын иегерлері, 2014-ші жылы Кәрімберген Әсел ІІІ орынды иеленді. Облыстық интеллектуалдық марафонға  қатысты. 

Отбасында ұл-қыздарына, немерелеріне ұлағатты тәрбие беруде. Педагогикалық шығармашылықпен жұмыс істейді, теориялық білімі орасан зор, әдістемелік шеберлігі  биік, шығармашыл мұғалім. Жас мамандарға әрқашан көмегін аямайды. 

Мұғалім-мамандық, Ұстаздық қасиет. Ұстаз болу - адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше осындай үлкен ұғымдағы қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстазға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық болмайды.

                        Қызылтаң ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі

                                    Саримова Алия Ахметжанқызы.

 

                                                             Шығармашыл ұстаз 

 

Қызылтаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саримова Алия Ахметжанқызы еңбек жолын 1987 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылтаң орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып,сонымен қатар 15жыл көлемінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Осы жылдардың ішінде алдынан дарынды, талапты, алғыр, шығармашыл  оқушыларды білім нәрімен сусындандырып, қанат қағып қияға ұшырды. 27 жылдың ішінде Алия Ахметжанқызы жаңашыл ұстаздар қатарында аудан көлемінде мектебіміздің мақтанышы. Алия аудандық бастауыш сынып оқытушыларының әдістемелік бірлестік семинарларында  жаңа озық технологияларынан тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың түрлерімен таныстырып, тәжірибе алмасады. Ол жаңашыл мұғалім, Білім беру саласындағы  еңбегі үшін облыстық білім беру бөлімінен, АББ-нің Алғыс хатымен марапатталған, аудандық әдістемелік бірлестіктен мақтау қағазымен марапатталған, жоғары санатты мұғалім.  Оның оқушылары аудандық, облыстық, марафондарға қатысып жүлдегерлер атанды. Түлектері  үлкен жетістіктерге жетіп, алғашқы оқушысы Раздыкова Күнсұлу  «Алтын белгі» иегері атанып, биылғы жылы еңбек жолын бастауда. Мектептегі мерекелік іс-шараларға оқушылары қатысып, сайыстардың І-ІІ жүлделі орындарын жеңіп алып отырды. Оның әрбір берген сабағы заман талабына сай, озық технологияларды қолдана отырып, оқушының білімге деген құштарлығын, ынтасын арттырып отырады. Жас мамандарға беретін тәжірибесі мол, білікті маман. 

Ұстаздық жол оңай емес. Ол өз білімін шыңдап, биылғы жылы Қазақстан Республикасы педагогтер біліктілігін арттыру курсының ІІІ деңгей бойынша және PIRLS, PISA халықаралық зерттеулеріне сәйкес мәтінді оқу мен түсіну бойынша оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту курсына «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ –да   біліктілігін арттырды.  Өзі жетекшілік ететін 3 сыныбында үшінші деңгейлік бағдарлама курсынан алған теориялық және тәжірибелік білімін 7 модуль идеясын ықпалдастырып, түрлі әдіс-тәсілдермен оқу және тәрбие процесінде, ата-аналар арасында байланыстырып қолдануда.

   Қoрытa aйтқaндa, қaзіргі қoғaмдa қaлыптaсқaн дәстүрді меңгерген ғaнa емес, белсенді, өз бетімен тaлдaй aлaтын, бaғaлaй білетін, қoрытынды жaсaйтын, бoлып жaтқaн жaғдaйғa сәйкес және әділ шешім қaбылдaйтын, жеке индивид ретінде өзін-өзі дaмытaтын, әрекеттері мен күнделікті тәртібіндегі өзіндік кемшіліктерін жoюғa шaмaсы жететін тұлғaны тәрбиелеу өзекті мәселе бoлып oтыр. Oсы тaлaптaрды oрындaуғa бaстaуыш сынып мұғaлімі Алия Ахметжанқызы де өз үлесін қoсуда.

                                                               Қызылтаң ЖББОМ

                  Бастауыш сынып мұғалімі Арынгазинова К.С.